Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды полициясы Алматыда жасырынып жүрген алаяқты қолға түсірді

Қарағанды полициясы Алматыда жасырынып жүрген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 мамырда 58 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне хабарласып, алаяқтың арбауына түскенін жеткізді. Жәбірленуші белгілі бір адамға тауарды сатып алу үшін 105 мың теңге аударған. Ақшаны алған адам хабарсыз кеткен. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция алаяқтың кім екенін анықтады, ол 24 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті полициядан жасырынып, осы уақытқа дейін бой тасалап жүрген.

11 тамызда жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері қашқынды Алматы қаласынан ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру