Қазығұрт тұрғынынан 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді
Қазығұрт тұрғынынан 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына жергілікті тұрғынның бірі үйінде есірткі затын сақтайтыны туралы хабарлама келіп түсті. Ақпарат бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, сезіктінің Қазығұрт ауданының тұрғыны екенін анықтады. Осылайша «Рефлекс-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде күдіктінің жеке басы, тұрғылықты мекенжайы анықталып, оның үйіне тінту жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде тұрғынның үйінің ауласындағы қорасынан бес полиэтилен пакетке салынған жасыл түсті, өсімдік тектес есірткіге ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған айғақты зат сараптама қорытындысымен 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.