Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да тас жол үстіндегі қауіпті өткелдерге жаңа бағдаршамдар қойылды

СҚО-да тас жол үстіндегі қауіпті өткелдерге жаңа бағдаршамдар қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері 11 айда Солтүстік Қазақстан облысы автожолдарына 1661 тексеріс жүргізді. 9,5 шақырымға созылатын жол инфроқұрылымы тексерілді. 2 мыңнан астам кемшілік анықталды және оларды жөндеу бойынша тиісті ұйымдарға 999 ұйғарым жолданды. Анықталған кемшіліктердің басым бөлігі жол жабындысының жағдайына байланысты. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға жол инфроқұрылымын дамыту үшін 294 ақпарат жіберілді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде жөндеу, жасанды бұдырлық орнату, белгілер салу, реттеу құралдарына техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылды. Мысалы, республикалық тас жолдарда 1120 белгі, облыстық маңызы бар жолдарда – 177, Петропавл көшелерінде 328 белгі орнатылды және жаңартылды. Облыс орталығында магистральді көшелердің жүру бөлігіндегі жерасты коммуникацияларының 98 құдығына жөндеу жүргізілді.

– Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған – Петропавл автожолының 950 км және Петропавл қаласы айналма жолдың 10 км қауіпті жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршам орнатылды. Петропавл қаласы 4 бағдаршам объектісін орнату жүзеге асырылатын Жұмабаев көшесіне қайта жөндеу жүргізілуде. Жол-көлік инфрақұрылымын тиісті жағдайдайы – жол қауіпсіздігін күшейтудің, сондай-ақ апаттылық пен ЖКО ауыр салдарын төмендетудің маңызды факторы, – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру