Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта тұрғын өзгенің үйіне мас халде заңсыз кіріп кетті

Қазығұртта тұрғын өзгенің үйіне мас халде заңсыз кіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, түнгі уақытта оның үйіне белгісіз ер адам мас халде заңсыз кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 149-бабы (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен аз уақыт ішінде оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары құқықбұзушыны ұстап, ПБ-ға жеткізді. Осылайша жасалған құқықбұзушылыққа қатысты тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Күдіктінің бас шарасы «келу туралы міндеттемеде».

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру