Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ЖКО орнынан кетіп қалған 166 жүргізуші анықталды

Жамбыл облысында ЖКО орнынан кетіп қалған 166 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың өткен кезеңінде облыс аумағында жол-көлік оқиғаларының 166 дерегі тіркеліп, көлік жүргізушілерінің орын алған ЖКО орнынан кетіп қалғаны белгілі болды. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 134 жүргізушіні анықтап, жауапкершілікке тартты, қалғандарының тұратын жері анықталуда.

Көбінесе жүргізушілер мойнына жауапкершілік алмау үшін өз міндеттерін орындамай, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалады. Осылайша олар заң бойынша салдары көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкелетін жағдайларға тап болады.

Заң талаптары бойынша ЖКО орнын тек зардап шегушіні өзінің көлік құралымен жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізген жағдайда ғана қалдыруға жол беріледі. Бұл ретте, өзінің тегін, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін хабарлай отырып (жеке басын куәландыратын құжатты немесе жүргізуші куәлігін және көлік құралының тіркеу құжатын көрсете отырып), кейіннен оқиға орнына қайта оралады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру