Қазығұртта 35 адам карантин талаптарын сақтамаған
Қазығұрттық полицейлер карантин талаптарын бұзушылықтың 35 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты, күн сайын Қазығұрт АПБ-нің полиция қызметкерлері және басқа да мүдделі орган өкілдерінен тұратын мобильді топ карантиндік шараларды бақылау және сақтау, азаматтар мен түрлі ұйымдардың карантинді бұзуын анықтау және басқа да құқықбұзушылық жайттарының жолын кесу бойынша рейдтік және алдын алу іс-шараларын өткізуде.
Осы бағытта Қазығұрт аудан аумағында полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарының, сондай-ақ гигиеналық нормативтердің бұзылуы» бойынша карантин талаптарын өрескел бұзған 35 адамды анықтап, әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары тиісті шешім қабылдау үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Түркістан облысы бойынша тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне жіберілді.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға карантиндік шараларды қатаң ұстануға, себепсіз көшеге шықпауға, үнемі бетперде киюге, қауіпсіздік ережелер мен ара қашықтықты сақтауға шақырады.