Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жоғалған 3 жасар баланы полицейлер тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған баланы тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің “102” жедел басқару орталығына Абай ауданы, Гагарин көшесінің тұрғыны өзінің үш жасар баласының жоғалып қалғаны туралы арызданған.

Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция полкінің 6-рота №881 автоэкипажының қызметкерлері Н.Мақұлбеков және А.Ахметов жоғалған баланы іздеу шараларын жүргізген.Нәтижесінде үш жастағы бала Гагарин көшесі бойындағы “Шымқала” тойханасының маңайынан табылған. Шұғыл әрекет еткен Полиция қызметкерлері баланы дін аман анасына табыстады. Тәртіп сақшыларының сапалы жұмыс істеп, шұғыл әрекет етуіні арқасында баласымен қауышқан ана шексіз алғысын білдірді. Полицейлер ата-аналарға балаларының қауіпсіздігі үшін үнемі бақылап, көз жазбауларын ескертеді.  

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру