Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер “BizBirgemiz” акциясына атсалысты

“BizBirgemiz” республикалық акциясына шымкенттік полицейлер де атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы әкімдігі және Полиция департаментінің ұйымдастыруымен “COVID-19” инфекциясының алдын алу мақсатында бірлескен іс-шараны қолға алды. Шахардың негізгі көшелері мен азаматтар жиі шоғырланатын орындарда полициейлер тегін бетперде үлестірді. Арнайы белгісі бар бетпердені тарату барысында полицейлер Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №25-26-27 қаулысына сәйкес қала аумағында карантин талаптарының сақталуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, акция барысына қала тұрғындарына 2000 дана тегін бетперде таратылды.

Ондағы мақсат тұрғындардың бетпердені ұдайы тағып жүру қажеттігін түсіндіріп, арнайы дағдыны қалыптастыру еді. Қауіпті індетпен күресу барысында медицина қызметерлерімен бірге полицейлер алдыңғы шепте жұмыс атқарып келеді. Қоғам қауіпсіздігін қалыптастыру мақсатында тәртіп сақшылары аянып қалмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру