Қазығұрттық полицейлер жоғалған баланы тауып, үйіне қайтарды
Қазығұрттық полицейлер жоғалған баланы тауып, үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт АПБ-не жергілікті тұрғын өзінің кәмелетке толмаған баласы мектепке кетіп қайта оралмағаны туралы хабарлайды. Анасы 11 жастағы баласын өздері жан-жақты іздеп таппаған соң, полицейлердің көмегіне жүгінген. Полицейлер мектептен шығып кеткен 11 жасар жасөспірімді бөлімшеге тіркеп, іздеуге кірісті.
Тәртіп сақшылары учаскелік полиция инспекторлары барлық көшелер мен аулаларды мұқият қарап шығып, куәгерлер мен өтіп бара жатқан адамдардан жауап алды. Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, тәулік ішінде жоғалған баланы сегіз шақырым жердегі көрші ауылдан, ойнап жүрген жерінен табады. Полицейлер табылған жасөспірімді үйіне қайтарып, анасына тапсырды.
Өз кезегінде жасөспірімнің анасы Қазығұрт АПБ-нің қызметкерлеріне жеделділігі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға қырағы болуды және балаларын қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Балаларыңыз немесе жақындарыңыз адасып, жоғалған жағдайда, тез арада «102» телефоны арқылы полицияға хабарласыңыздар.