Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығының халықпен кезекті кездесуі өтті

Ақтөбе облысы ПД бастығының халықпен кезекті кездесуі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы Ақтөбе облысы ПД бастығы Атығай Арыстанов Алға ауданына барып, аудандық бөлімшенің 2020 жылғы жедел-қызметтік жұмысын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған міндеттерді белгіледі. Іс-шараға аудан әкімі Мамырғали Аққағазов, ауыл ақсақалдары, қоғам өкілдері және полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты. Аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Сапарғалиев өткен жылы аудандағы криминогендік жағдайдың жай-күйін қатысушыларға жеткізді.

Облыстық полиция басшысы аудандағы маскүнемдік пен тұрмыстық қылмыстың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігін атап өтіп, аудан әкімінен аудан орталығында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығын ашуды қарастыруды сұрады және осы проблемаға құрметті ақсақалдарды тартуға шақырды.

Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасы мәселесіне де назар аударды. Тек 2020 жылы аудан жолдарында 23 ЖКО орын алды, онда 10 адам қаза тауып, 29 адам жарақат алды.

Облыстың бас полицейі осы бағытта барлық мүдделі мемлекеттік органдардың үйлестіру шараларын қабылдауына назар аударды.
Сонымен қатар, 2020 жылы цифрландыру аясында аудан орталығының қоғамдық орындарында полиция бөлімінің кезекші бөліміне біріктірілген 30 бейнебақылау камерасы орнатылғанын жеткізді, бұл құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Аудан әкімі Мамырғали Аққағазов жергілікті атқарушы органдар аудандағы қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес үшін полицияға жан-жақты қолдау көрсететініне сендірді.

Жұмыс сапарының жалғасында облыстық ПД бастығы учаскелік полиция пункттерінің жағдайын қарап шықты. УПП жұмысымен танысу барысында Атығай Арыстанов учаскелік полиция инспекторларымен әңгімелесіп, қызмет көрсетілетін аумақтардағы жедел жағдай, сондай-ақ аудан тұрғындары жүгінетін сұрақтар мен шағымдар туралы сұрады.

– Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес, әрбір полицей бүгінде халыққа қолжетімді болуы тиіс. Учаскелік полиция инспекторы оның әкімшілік учаскесінде болып жатқан оқиғалардан хабардар болып, азаматтардың мәселелерін білуі және барынша көмек көрсетуі тиіс, – деп түйіндеді Атығай Арыстанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысы ПД бастығы жұмыс сапарымен облыстың Мәртөк, Қарғалы және Қобда аудандарында болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру