Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық орында мас халде жүрген түркістандық анықталды

Түркістан облысының полицейлері қоғамдық орында мас халде жүрген тұрғынды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың тыныштығы үшін, тұрақты түрде күндіз-түні тынбай еңбек етуде. Жүргізілген кезекті профилактикалық жұмыстар барысында жергілікті тұрғынның қоғамдық орында алкоголь өнімін қолданып, мас халде жүргені анықталды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, әкімшілік хаттама түзген.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Сонымен қатар полицейлер мас халдегі азаматқа алкогольді өнімді ішіп, қоғамдық орында жүруге болмайтынын, тұрғындардың мазасын алмауды ескертеді. Сондай-ақ осындай жайт үшін әкімшілік хаттама толтырылатынынан да хабардар етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру