Қиын да күрделі құрылым қызметкерінің бір күні
Polisia.kz. редакциясы қиын да күрделі құрылым қызметкері Мұхтар Нұрмұхаметовтың қызметі жайлы ақпарат ұсынады.
Ішкі істер саласының күрделі құрылымының қызметкері – Мұхтар Нұрмұхаметов. Ол Кентау ҚПБ жедел-криминалистикалық тобының техник-криминалисі лауазымында қызмет атқарады. Маман ретінде өз жұмысының қыр-сырын толықтай меңгерген, ісіне адал. Құзыреттілік, объективтілік, жауапкершілік талап ететін құрылым қызметкері дене даярлығы бойынша шымыр, спортпен шұғылдануда белсенді.
Ол күнделікті қызметінде қылмыскер қалдырған іздерді табуды, бекітуді, алуды, криминалистикалық зерттеулер жүргізуді және криминалистикалық есептер бойынша тексеруді жүзеге асырады. Бір сөзбен айтқанда оның жұмысының нәтижесінде күдікті анықталады.
Криминалистің жұмысы нағыз ғылыми детектив сияқты, себебі әрбір ұсақ детальді талдап, қылмыстың жұмбағын шешеді.