Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қызға Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды
Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қызға ҚР ІІМ Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаннұр Нұржан оқу жылының басында Алматыдағы қоғамдық көлікте жасаған игі әрекетінің арқасында танымал болды. Сол кезде қыз бала тосап құмырасы сынып қалған зейнеткерге көмектесті.
- Бұл әрекет жерлестерімізді, қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қыз баланың бұл әрекеті - жақсы тәрбие мен дұрыс өмірлік ұстанымдар өмір жолында игі істерге жетелейтінін көрсетті. Жаннұр - қалалық қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Біз оны ҚР ІІМ Алматы академиясына қонаққа шақырдық. Қыз гидті қызығушылықпен тыңдады, киберзертханаға барды және ведомстволық университет туралы маңызды тарихи деректерді білді, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
- Маған бұл кездесу өте қатты ұнады. Колледжді бітірген соң ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін деп ойлаймын, - деді Жаннұр Нұржан.