Қоғамдық орында төбелес шығарған үш атыраулық жауапқа тартылды
14 шілде күні сағат 17:59 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел баскару орталығының бейнебақылау инспекторлары Құрманғазы көшесінде орналасқан “Сафари” кафесінің алдында төбелес шығарып жатқан үш ер адамды байқап, оқиға орнына учаскелік полиция инспекторларын жіберген.
Аталған орынға дереу жеткен учаскелік инспекторлар қоғамдық орында төбелес шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адамды анықтады.
Олар өздерінің бір-бірімен өзара келіспей қалған себебінен төбелес шығарғандарын айтып, өз кінәларын мойындаған.
Аталған тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылып, сот шешімімен екі ер адамның әр қайсысына 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұлдар салынып, біреуі бір тәулікке әкімшілік қамауға алынды.