Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері сотталған адамға көмек көрсетті

ШҚО-да ҚАЖ қызметкерлері еріктілермен бірлесіп сотталған адамға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Затон аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғанның тұрғылықты жері бойынша кезекті тексеру кезінде тиісті емнің болмауы салдарынан сотталғанның денсаулық жағдайы нашарлағанын, содан кейін еңбекке қабілеттілігінен ішінара айрылу туындағанын және енді ол өз бетінше қозғала алмайтынын анықтады. Оның денсаулық жағдайы пробация қызметі мен еріктінің жеке құрамын бей-жай қалдырмады, олар оған қажетті дәрі-дәрмектер, соның ішінде ауырсынуды басатын дәрілер мен алғашқы қажеттілік өнімдері түрінде көмек көрсетуге шешім қабылдады.

– Қазіргі уақытта ер адам жалғыз тұрады, оның туыстары жоқ, іріңді интоксикация басталып, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты ол күнкөріс қаражатынсыз қалды. Осы мәселелер туралы біліп, біз оған қиын кезеңде материалдық көмек көрсетуді шештік. Бұл біздің еріктілеріміздің қатысуымен өткізілген алғашқы қайырымдылық акциясы емес. Біз қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға барынша көмек көрсетуге әрдайым тырысамыз, – деп атап өтті бөлім бастығының орынбасары Арсен Жаспанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру