Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамдық тәртіпті бұзған ақтөбелік жауапқа тартылды

Ағымдағы жылғы 20-23 қаңтар аралығында Ақтөбе облысы аумағында «Есепке алу» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – рецидивті қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды анықтау және профилактикалық есепке қою, сондай-ақ оларды тұрғылықты жері бойынша одан әрі тексеру.

Мәселен, бүгінгі күні ІІО профилактикалық есебінде үш мыңнан астам адам тұр, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлаған бір мың адам бар.

Шараның бір күнінде учаскелік полиция инспекторлары 387 есепке алынған адамның тұрғылықты жерін тексерді.

Тексеру барысында есепте тұрғандар тарапынан тоғыз қоғамдық тәртіп бұзушылық пен белгіленген шектеулер анықталды.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, таңдалған тұрғылықты жеріне келмегендердің ішінен бір адам анықталды және есепке алынды.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары алкоголизммен ауыратын 12 адамды мамандандырылған емдеу мекемесі жағдайында мәжбүрлеп емдеуге жіберді.

Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторларымен 163 адамды (оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналаспаған, тұрақты жұмысы мен табысы жоқ (оның ішінде жұмыс істемейтін жастар мен бұрын сотталған адамдар)тексерді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру