Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

3 жасар қыздың денсаулығына қасақана зиян келтірді деген күдікпен жігіт қамалды

СҚО-да үш жасар қыз жансақтау бөлімшесіне жатқызылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда полиция қызметкерлері өзінің кішкентай қызының денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен қала тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

17 қаңтар күні облыстық балалар ауруханасынан ес-түссіз күйдегі үш жастағы баланың жеткізілгені жайлы Бірінші полиция бөліміне арыз түсті.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіруде күдікті баланың анасы ұсталды. ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық іс шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізіліп, қажетті бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдікті бұрын құқық қорғау органдарының назарына ілікпегені белгілі болды. Қазіргі уақытта 22 жастағы қала тұрғыны Петропавл қ. ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру