Қоғамдық тәртіпті бұзушылар – ЖБО қызметкерлерінің бақылауында
Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қ.ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлері қоғамдық тәртіптің бұзылуын анықтай отырып, пульт пен мониторларда күнделікті қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, облыс орталығының қоғамдық орындарында екі азамат анықталды, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі бойынша хаттамалар жасалды (Алкогольдік ішімдіктер ішу немесе масаң күйде болу, бұл он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады).
Одан бөлек, Тараздың үш тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша (Жалпы пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару, бұл бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады) құқық бұзушылық жасады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті тұрғындарды қаланың тазалығын және тәртіпті сақтауға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді пайдалану этикетін ұстануға шақырады