Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысының тұрғындарынан 30 қару тәркіленді

Ақтөбе облысы бойынша жедел жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау мақсатында 1-30 қыркүйек аралығындаҚару жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы облыс бойынша тіркелген 8 416 атыс қаруының 3 512і тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Жедел алдын алу іс-шараны өткізу барысында 173 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде қаруды заңсыз сақтағаны үшін жеті, қаруды сақтау және алып жүру ережелерін бұзғаны үшін 122 және қаруды қайта тіркеуді бұзған 44 дерек анықталды.

Заңсыз қару айналымынан барлығы жеті бірлік тегіс ұңғылы қару, сондай-ақ үш бірлік электрошокер тәркіленді.

Барлығы 30 дана суық қару тәркіленді.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәріні өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру