Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталғандар жазаларын өтеуде
Жамбылда пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына сотталған азаматтар жазаларын өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Олар жергілікті әкімдік белгілеген ағаш кесу, аудандарды көгалдандыру секілді қоғамдық жұмыстарды атқаруда.
Меркі аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Арайлым Сәмбетованың айтуынша, пробация қызметкерлері қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтарды жергілікті әкімдікпен бірге қадағалап отырады.
– Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның жергілікті атқарушы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастыратын, белгілі бір біліктілікті талап етпейтін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады. Мұның бәрін біз жергілікті әкімдікпен қадағалап отырамыз. Сотталған азаматтар қоғамдық жұмыстардан жалтарған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Олардың жазаларының өтелмеген бөлігі қамауға алу түріндегі жазаға ауыстырылады, – деді А.Сәмбетова.