Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел-алдын алу іс-шаралары өткізілуде

Түркістандық полицейлер жедел-алдын алу іс-шаралары барысында анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының ПБ полицейлері 22-24 желтоқсан аралығында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мас күйде көлік құралын жүргізудің 16 дерегін, қауіпсіздік белдігін пайдаланбаудың 73 дерегін, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауының 75 дерегін анықтады.

Бұдан басқа полицейлер үш күнде карантин режимін бұзудың 22 дерегін тіркеді. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру