Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ерекше балаларға мереке ұйымдастырды

Түлкібаста полицейлер ерекше балаларға мереке ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық шыршаны әрбір бала жыл сайын асыға күтеді. Себебі дәл осы Жаңа жылда Аяз ата мен Ақшақар балалардың көңілін көтеріп, сыйлықтар береді.

Мереке қарсаңында осы дәстүрді жалғастырған Түлкібас ауданының ПБ қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленетін “Түлкібас мүгедек балаларды оңалту орталығына” барды.

Онда полиция бөлімі басшылығының бастамасымен ерекше балаларға арналған шағын мерекелік шара ұйымдастырылды. Осында ем қабылдайтын балақайлар қонақтарға арнап өнерлерін паш етті, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар полиция қызметкерлерімен бірігіп “Жаң жыл” әнін шырқады.

Полицейлер балалармен сұхбат құрып, оларды мерекемен құттықтады, балаларға базарлық ретінде ойыншықтар мен тәттілерін сыйлап, қуантты.

Іс-шара соңында мемлекеттік мекеменің бастығы Толқын Рысқұлқызы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тілеп, мерекелерімен құттықтады.

– Қарбаласқа толы қызметтеріңізге қарамастан, уақыттарыңызды бөліп, біздің балалармен бірге болғандарыңызға рақмет! Сіздердің де отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызда абырой тілеймін! – деп атап өтті орталықтың басшысы.

Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері балалар үйінің, әлеуметтік орталықтардың қамқорлығына алынған балаларға қолдау көрсету, мерекелік көңіл-күй сыйлау, олардың өмірге деген қызығушылығын арттыру сияқты іс-шараларды тұрақты түрде  ұйымдастырып тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру