Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері 3500-ге жуық құқық бұзушылық анықталған

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында жыл басынан бері 3500-ге жуық құқық бұзушылық анықталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданының ПБ жеке құрамы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді.

Аудан полицейлері жыл басынан бері 3435 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттердің 164 дерегін, 132-бабымен кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол берудің 5 дерегін, 133-бабымен он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi және темекi бұйымдарын сатудың 2 дерегін, 200-бабы Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 16 дерегін анықтаған.

Бұдан басқа полиция қызметкерлері 204-бап бойынша белгiленбеген орындарда сауда жасаудың 190 дерегін, 408-бап бойынша иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзудың 960 дерегін, 434-бап бойынша ұсақ бұзақылықтың 626 дерегін, 437-бап бойынша тыныштықты бұзудың 41 дерегін, 440-бап бойынша  алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 405 дерегін, 441-бап бойынша жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзудың 486 дерегін, 442-бап бойынша кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуының 5 дерегін, 449-бап бойынша қоғамдық орындарда тиісудің 147 дерегін анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырған.

Мысалы, Мақтаарал ауданында түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде заңды өкілінсіз және ата-анасының қарауынсыз жүрген бір топ бала анықталған. Олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ Мақтаарал ауданы көшелерінің бірінде орналасқан дүкеннің спирттік ішімдік сатып тұрғаны белгілі болды. Дүкен иесіне айыппұл салынды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру