Қоймадан құрылыс заттарын ұрлап кеткен кентаулық ұсталды
Қоймадан құрылыс заттарын ұрлап кеткен кентаулық ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, оның қоймасына ұры түскен. Яғни, құрылыс заттары тұратын қойманың есігін белгісіз біреу бұзып ашып, қойма ішінде тұрған 700 мың теңгенің затын жымқырып кеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.
Орын алған ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні анықтау мақсатында тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Нәтижесінде, күдікті ер адам төрт сағат ішінде көшеден ұсталды. Оның жеке басы анықталып, Кентау КПБ-ға жеткізілді.
Тексеру кезінде оның бұрын сотты болғандығы расталды. Күдікті Кентау қаласының тұрғыны. Ол ұрлап алған бөтеннің мүлкін сатып, ақшаны бас пайдасының қажеттілігіне жұмсап жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.