Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұртта Қарағанды академиясына оқуға түсуге үміткер оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазығұртта Қарағанды академиясына оқуға түсуге үміткер оқушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Алдабергенов пен полицей Нұрсұлтан Төреқұлов 11 сыныпты бітіруші түлектермен сұхбат өткізді. Шара Қазығұрт АПБ-нің Азаматтарды қабылдау бөлмесінде өтті. Кездесудің басты мақсаты – болашақ түлектерге құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшелігін түсіндіріп, қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ ішкі істер органына кандидаттарды іріктеу.

Тәртіп сақшылары өздерінің күнделікті жүргізетін жұмыс барысынан мысал келтіре отырып, жоғары сынып оқушыларына мамандықтың қыр-сыры жайлы толығырақ айтып берді.

Үміткерлер де өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауап алып, полиция қызметіне деген қызығушылықтары арта түсті. Бұған қоса, тәртіп сақшылары бұл сала ең бірінші ұқыптылық пен жауапкершілікті қажет ететіндігін баса айтты.

Жиын соңында келешек өмірлеріне қажетті құнды ақпараттармен танысқан мектеп түлектері осындай маңызды кездесу өткізгендері үшін тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, Б. Алдабергенов келген оқушылардың ішінен осы жылы мектепті аяқтайтын 9 үміткер, яғни бес бала, төрт қыздың іс-құжатын жинақтауда. Олар Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсуге ниетті. Егерде медициналық және спорттық талаптардан өтсе, үміткерлер академияға оқуға қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру