Қоймадан темір ұрлап, қабылдау орнына өткізген атыраулықтың ісі әшкереленді
Қоймадан темір ұрлап, қабылдау орнына өткізген атыраулықтың ісі әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда республика көлемінде өтіп жатқан “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде №5 учаскелік полиция бекетінің тәртіп сақшылары қоғамдық көмекшілермен бірге 400-ге жуық техникалық қызмет көрсету, қара темір қабылдау орталықтары мен автобөлшек сату орындарын тексерді.
Мұндағы мақсат – автотұрақта ұрланған көліктің бар-жоғын, ұрланған автокөліктер мен қосалқы бөлшектерді сатып алумен және өткізумен айналысатын адамдарды анықтау.
Мысалы, 18 қазан күні полиция инспекторлары қара темір өткізу орталығын тексеру кезінде ұрланған қара темірді анықтады. Оны осы орталыққа әкелген 30 жастағы қала тұрғыны екендігі белгілі болды. Ол қара темірді қаладағы қоймалардың бірінен ұрлап, темір қабылдайтын орынға 60 мың теңгеге өткізіп жіберген.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.