Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қонаевта әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған киберқауіпсіздік бойынша кездесу өтті

Қонаев қаласында әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған киберқауіпсіздік бойынша профилактикалық кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Алматы облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы, прокуратура және Қонаев қаласының полиция басқармасының бірлесуімен ұйымдастырылды.

Кездесуге 200-ден астам мұғалім, медицина қызметкері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Шара Қонаев қаласы полиция басқармасының бастығы Әбілғазы Төлепбергеновтың қатысуымен, киберқылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс форматында өтті.

Іс-шара барысында мамандар интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, күмәнді қоңыраулар мен SMS хабарламаларға қатысты сақтық шаралары, сондай-ақ киберқылмысқа тап болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру