Қонаққа келген қыз, Теміртаудағы пәтер иесінің ұялы телефонын ұрлап кетті
Қонаққа келген қыз, Теміртаудағы пәтер иесінің ұялы телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазанда 50 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 119 мың теңгені құрады.
Ұрлық жәбірленушінің пәтерінде өткізілген мерекелік кеш кезінде болған. Криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай күдіктіні, 21 жастағы қызды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат – жәбірленушінің ұялы телефоны алынды.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.