Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қорқоршыларға айыппұл салынды

Павлодар полициясы Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 мамырдағы №8 шешімін орындау мақсатында рейд өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Тексеру кезінде Павлодар қаласындағы ойын-сауық орындарының барлығы бірдей қаулының талаптарына сәйкес жұмыс істеп жатпағанын көрсетті.


Мәселен, тәртіп сақшылары Ак. Бектұров көшесінде қорқор (кальян) орталығының жұмыс істегенін анықтады. Оған бес адам барып, олардың бірі қорқор шегіп отырған.


Осындай заң бұзушылықтар Астана көшесінде де тіркелді. Тексеру кезінде екі адам болған, олардың біреуі қорқор шегіп отырған.


Аталған фактілерге сәйкес, осы мекемелердің әкімшілері мен қорқорды пайдаланушылар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігі бойынша (жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу) әрқайсысына 10 АЕК айыппұл салынды.


Сонымен қатар, меншік иелеріне қатысты материалдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша материалдар жиналды және шешім қабылдау үшін Павлодар қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жіберілді.


Айта кету керек, жыл басынан бері облыста Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабымен қарастырылған 1322 бұзушылық анықталды, оның ішінде қорқор аймағының 27 иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру