Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер тұрғындарға бетперде режимін сақтау керектігін ескертті

Павлодарлық полицейлер қоғамдық орындарда қорғаныс құралдарынсыз жүрген адамдарға 1500-ден астам бетперде таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция осылайша, халыққа тағы да карантиндік шаралар ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады.

Павлодар қалалық патруль полицейлер Бекзат Капаров пен Алмаз Жақыпов Павлодар қаласындағы орталық жағалауда қызмет етеді. Бұл патруль 500-ге жуық бетперде таратқан. Бір күнде барлығы 1500 бетперде таратылды.

– Мен жағалауда келе жатырмын, ол жерде маған бір полиция қызметкері қорғаныс құралдарын – бетпердені қолдану керектігін ескертті, – дейді павлодарлық Азамат Болатұлы. Мен зейнеткермін, мен 74 жастамын, маска жоқ. Мен полицейден маска алдым, сонымен қатар әйелім мен қарт көршілеріме бірнешеуін бөліп бердім. Полицейлердің қамқорлығы үшін рахмет.

– Мен достарыммен Ертіс өзенінің жағасына ауамен тыныстауға және гитарамен ән айтуға келдім, – дейді 18 жастағы Алина. Кейбір достарым бетпердесіз болды, полиция бізге жақындап, бетперде берді. Сондай-ақ, көшеде және қоғамдық жерде қорғаныс құралдарын пайдалану керек екенін еске салдық. Маған маскалар өте ұнады, олар қолдануға ыңғайлы, стильді, сонымен қатар dp_pavlodar логотипі бар. Жалпы, керемет!


Көптеген жолаушылар өздеріне, балаларына және туыстарына бетперде алуға асықты. Тұрғындар осындай қиын-қыстау сәтте полицияға қамқорлығы мен игі істері үшін алғыс білдірді.

Полиция бүгінде бұл маңызды қауіпсіздік шараларытұрғындардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру