Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясында Рүстем Қайдаровтың отбасымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясында Қазақстан Республикасы Генералдар кеңесінің төрағасы, әділет генерал-майоры Рүстем Қайдаровтың отбасымен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Академия бастығы Ақынқали Дәрменов өз сөзінде Рүстем Қайдаровтың құқық қорғау жүйесінің дамып өркендуіне зор үлес қосқан адам екенін, ал оның жұбайы Аймен Қайдарованың оған адал өмірлік серігі болғанын атап өтті. Аймен Қайдарова академияның кітапхана қорына Рүстем Қайдаровтың «Жизнь, посвященная служению Родине» атты соңғы кітабын табыс етті.

Іс-шараның тағы бір құрметті қонағы Наиль Галимжанов жан досы, әріптесі Рүстем Қайдаров туралы сыр шертті.

Милиция қызметінің барлық сатысынан өткен міндет, абырой, ерлік, әділдік, адалдық қасиеттері Рүстем Қайдаровқа тән. Өскелең ұрпақ үшін жасаған қоғамдық әрі адамдық қызметі мен өнегелі тәлім-тәрбиесі, әр жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыратыны сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру