Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай академиясының тыңдаушылары сотталғандарды жұмысқа орналастыру тәртібін талқылады

Қостанай академиясының тыңдаушылары сотталғандарды жұмысқа орналастырудың қыр сырын талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1-6 оқу тобының тыңдаушыларымен онлайн форматта семинар өтті. Онлайн форматтағы семинарға Абай облысы бойынша ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Руслан Камаржанов «Құқық қорғау қызметіндегі төтенше және дағдарыс жағдайы» тақырыбымен шақырылды.

Ол кездесу барысында қылмыстық-атқару жүйесінің практикалық қызметі туралы және сотталғандармен тәрбиелік-құқықтық, психологиялық жұмыстардың ерекшеліктеріне тоқталды.

– ҚАЖД сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, еңбекпен тәрбиелеу арқылы олардың түзу жолға түсуіне барынша ықпал жасайды. Сотталғандармен жұмыста жас қызметкерлер әрдайым төтенше жағдайларға дайын болып, қырағы және өзіне сенімді, адал және өз қызметіне жауапты болуы керек, – дейді Р.Камаржанов

Кездесуде тыңдаушылар ҚАЖ қызметіне жаңадан қабылданатын жас қызметкерлер қандай кәсіби және жеке қасиеттерге ие болуы керек екенін білді. Сондай-ақ тағы басқа өздерін қызықтырған бірқатар сұраққа тәжірибелі маманнан нақты жауап алды.

Кездесу тыңдаушылардың теориялық алған білімдерін тәжірибеде нығайтуына көмегін тигізері анық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру