Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері жол үстінде қалған отбасына көмектесті

Ақмола полицейлері жол үстінде қалған отбасына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлерінің атына аязда жолда қалып қойған жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсеткені үшін алғыс келіп түсіп жатыр. Кезекті хат ведомствоның Instagram желісіндегі ресми парақшасына келіп түсті.

Хабарламаның авторы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Руслан Байжанов пен Айдын Дүйсенбайға уақытында көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді.

4 желтоқсанда Көкшетау-Омбы автожолында қатты аяздың салдарынан Jac көлігі істен шыққан. Көліктің жанармайы да таусылып, жанармай шығынын көрсететін құрал істемей қалғаны белгілі болды. Бір сәтте көлік тоқтап қалды, ал автомобиль салонындағы температура төмендей бастады. Жүргізушіден басқа көлікте қарт әйел мен бала болған.

Осы уақытта жолдың осы бөлігін облыстық батальонның 1-взводының инспекторлары Руслан Байжанов пен Айдын Дүйсенбай патрульдеп жүрген еді. Жол жиегінде тұрған көлікті көріп, полицейлер жүргізушіге көмек ұсынды.

– Полиция қызметкерлері қарама-қарсы бағытта жүргеніне қарамастан, бізді қиындықта қалдырмай, тоқтап, жылынуға мүмкіндік берді. Барлығымызды қызметтік көлікке отырғызды, – дейді автор.

Ақаулы көліктің жүргізушісіне көмектесу үшін жанынан өтіп бара жатқан көліктің жүргізушісі де тоқтады. Ол өзінің автокөлігімен көлікті сүйретіп алып, Айдын Дүйсенбай Jac көлігінің рөліне отырды. Бірлескен күш-жігермен олар істен шыққан көлікті сүйреп апарды, сол кезде минивэн жүргізушісінің туыстары көмекке келді.

Автокөлікті жанармаймен толтырғаннан кейін жүргізуші жолды жалғастырды және отбасының межелі жерге аман-есен жететініне көз жеткізгеннен кейін ғана полиция қызметкерлері қызметін жалғастырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру