Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД қызметкерлері өңір жастарымен кездесу өткізді

Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Нұржан Ахметов өңір жастарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде кездесу қонақтық дәріс форматында өтіп, жастар үшін өзекті тақырыпты талқылауға арналған диалог алаңына айналды.

– Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 270-тен астам қылмысты анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 340 келі болды. Түрлі оқу орындарының сегіз студенті осындай қылмыстық әрекетке барған, — деді Нұржан Ахметов.

Қостанай облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы өз сөзінде жеңіл ақшаның артында ұзақ мерзімді жазаның тұрғанына назар аударады. Осылайша, жергілікті колледждің екі студенті есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кездесулер барысында есірткіге қарсы бейнероликтер мен фильмдер көрсетілуде. Оларға наркологтар мен басқа да мамандар қатысып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру