Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы сотталған әйел Мәскеуде өткен өнер байқауында жүлделі орын алды

СҚО-дағы сотталған әйел Мәскеуде өткен өнер байқауында жүлделі орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазасын өтеуші Самал Жақееваның өмірі бұған дейін өмірі шығармашылықпен байланысты болмаған. Алайда бір күні сурет байқауына қатысты. Солай шығармашылық есігін айқара ашты. СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің №50 мекемесінде жазасын өтеп жүрген Самалдың ендігі сүйікті хоббиі – сурет салу. Сотталғанның айтуынша, ол кейде достарының өтініші бойынша немесе баласына сурет салып беріп, сабағына көмектескен. 

Сотталғанның сурет салу қабілетін байқаған мекеме қызметкерлері оған Мәскеуде өтіп жатқан өнер байқауынан қатысуды ұсынды. “Христос и мир” майлы бояулармен бейнеленген өміріндегі алғашқы картинасы үшін Самал үш елдің қатысушылары арасында екінші орынға ие болды.

– Мен мекемеге келген соң сурет салуды өзім үйрендім. Шынымды айтсам, менің суретім талантты қатысушылар арасында екінші орын алады деп күткен жоқпын. Бұл менің майлы бояулармен бейнеленген алғашқы суретім болды. Мен оған барлық жанымды, ойымды, ішкі сезімімді салдым. Мекеме әкімшілігі мен жасақтағы қыздардың қолдауының арқасында өзімнің өнерімді толық көлемде аша алдым, – дейді Самал.

Мәскеуден тікелей жіберілген дипломды сотталғанға түрме қызметі жөніндегі епархия бөлімінің басшысы иеромонах Серафим табыс етіп, бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Дарынды музыкант Батырхан Шукеновтің шығармашылығына арналған концерт аясында сотталған оның бейнесін дәл жеткізе біліп, портретті дайындады. Самал бәрінен бұрын адамдардың портреттерін салғанды ұнататынын, бірақ сонымен бірге пейзаждарда өзін сынап көргісі келетінін айтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру