Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен онлайн кездесу өткізді

Қостанай облысы ПД Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен онлайн кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 қарашада Мемлекет басшысының қатысуымен Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Х Азаматтық форумның пленарлық сессиясы өтеді. Осы іс-шара шеңберінде Қостанай облысының Полиция департаментінде үкіметтік емес ұйым өкілдерімен ZOOM-режимінде конференция өтті.

Онлайн кездесуге облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Дүйсембеков, ЖПҚБ бастығының орынбасары Виталий Цой, ЖПҚБ қызметкері Жұлдыз Қабенова және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, сондай-ақ облыстың ПД аумақтық бөлімшелері де қосылды. Конференцияға қатысушылар полиция мен ҮЕҰ-ның өзара ынтымақтастығы мәселелерін, полицияның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін талқылады.

Облыстық ПД мұражайының сақтаушысы Таңатқан Делмұхамбетов өз баяндамасында полицияның Тәуелсіздік жылдарындағы жұмысы туралы әңгімеледі. Ол бүгінгі таңда полицияда цифрландыруға ерекше назар аударылғанын – 102 мобильді қосымшасы іске қосылғанын, қоғамдық орындарда SOS шақыру түймелері орнатылғанын, қызметкерлер планшеттермен және бейнетіркегіштермен жабдықталғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда полицияда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуынсыз құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірде-бір іс-шара өткізілмейді. ҮЕҰ құқық бұзушылықтардың себеп-салдарлық байланысын зерделеу және жолын кесу бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеу барысында белсенді әріптестік жүргізеді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын» халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру», – деді облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы Қайрат Дүйсембеков.

Ағымдағы жылы ҮЕҰ-мен бірлесіп 90-нан астам алдын алу іс-шаралары өткізілді. Сондай-ақ, отбасы құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының ПД мен Қостанай облысының Әйелдер күштері альянсы арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Әйелдер күштері Альянсының басым міндеттерінің бірі – әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың барлық түрлерімен күрес. Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Арайлым Аманқұлова меморандум аясында әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі бірлескен жұмыс жоспары әзірленгенін айтып өтті.

– Бүгінгі таңда ҮЕҰ-ның полициямен өзара байланыс жүйелі жолға қойылған. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары халықпен жұмыс істеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету және алдын алу мәселелері бойынша хабардар болуды қамтамасыз етуде барынша көмек көрсетіп келеді, – деді Қостанай облысы бойынша Әйелдер күштері альянсының төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы Римма Бектұрғанова.

Сондай-ақ, онлайн әңгімелесу барысында «Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастық» қоғамдық бірлестігі филиалының басшысы Нина Косюк тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана жұмысы туралы баяндама жасады. Іс-шара соңында ҮЕҰ өкілдері құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың ерекше маңыздылығын атап, облыстық ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топқа және учаскелік инспекторларға бірлескен жемісті жұмыстары үшін алғыстарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру