Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жанжал барысында әйелі күйеуіне пышақ сұғып алды

Шығыс Қазақстан облысында жанжал барысында әйелі күйеуіне пышақ сұғып алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 29 қазанында Бородулиха ауданы ПБ-ге Жезкент ауылдық ауруханасына “сол жақ ішін пышақпен жаншып-кесу жарақатын салу” диагнозымен кенттің 35 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

29 қазанда кешкі уақытта болған жанжалдың салдарынан оның жұбайы күйеуіне пышақ жарақатын салғаны белгілі болды. Кейін ол ауруханаға жатқызылды.

Тәртіп сақшылары “ізін суытпай” күдікті ретінде 27 жастағы әйелді ұстады.

– Күдікті жауап алу барысында кінәсін мойындады, ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру