Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында 115 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қостанай облысында 115 млн теңгеге алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайлық полицейлер 115 млн теңге көлеміндегі қаражатты жымқырды деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол бұрын сотталған облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны болып шықты.

Полицияға Қостанай қаласының тұрғыны жүгінді. Ол танысының адамды алдау және сенімге қиянат жасау арқылы үлкен сомадағы ақшасын иемденгенін айтты.

– Екі жыл бұрын күйеуім колонияда жазасын өтеп жатан еді. Бірде жұбайым маған қоңырау шалып, оның өте жақсы досымен кездесуім керек екенін, оның шаруасы бар екенін айтты. Сол күні күйеуім әңгіме қылған адам маған хабарласты. Біз бизнеспен айналысуды шештік. Жұбайым оған қатты сенгендіктен, менде еш күмән болған жоқ. Сондықтан мен оған бірден қолма – қол 1,3 млн теңге бердім, – дейді 50 жастағы жүгінуші.

Бірнеше айдан кейін жәбірленуші әйелдің жұбайы колониядан босатылып, үйіне келді. Олар әрі бірлескен бизнесті жүргізе бастады. Олар шетелде көмір сатумен айналысты. Өз кезегінде, жәбірленуші үнемі отбасылық қаражатты салып отырды, бірінші жылы өзінің барлық жинақтарын 40 млн теңгесін берді, ал 2021 жылы пәтерді сату арқылы тағы 40 млн теңгесін қосты. Залалдың жалпы сомасы​ 80 млн теңгені құрады.

Алаяқ Қостанайдың 35 жастағы тұрғынын да алдаған.​ Ол бірлескен бизнес сылтауымен 35 млн теңгені иеленген.

– Екі жәбірленуші осы жылдың қыркүйегінде полицияға жүгінді. Күдікті жасырынып жүрді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полицейлер оның орналасқан жерін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, – дейді Қостанай қаласы Полиция басқармасының тергеушісі Дәулет Батырханов.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігілаяқтық жасау, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша ер адам 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру