Қостанай облысында 6 шетелдік шаруашылықтардың бірінде заңсыз жұмыс істеген
Қостанай облысында Өзбекстанның алты азаматы шаруашылықтардың бірінде заңсыз жұмыс істеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұзынкөл аудандық полиция бөлімінің полицейлері Варваровка ауылындағы рейдтер барысында Өзбекстан тұрғындарын анықтады. Белгілі болғандай, жұмысшылар ауданға бірнеше күн бұрын Түркістан облысынан келіп, нысанда құрылыспен айналысқан. Ер адамдардың еңбек қызметін жүзеге асыру құжаттары болмаған. Жұмыскерлер құжаттарды тексергеннен кейін тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан.
Көші-қон қызметінің қызметкері Дмитрий Сечный мен учаскелік инспектор Арман Давлетовпен ер адамдар ұсталды.
Өзбекстан азаматтары аудандық сотпен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша 2 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция хабарлағандай, шетел азаматтарының елде болу мерзімі қысқартылды және олар 10 тәулік ішінде елден кетуге міндетті. Сонымен қатар, ҚР заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жұмыс беруші ауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері Ұзынкөл ауданында 17 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, олардың 4-і сот арқылы елден шығарылды.