Қостанай облысында алаяқ зейнеткердің атынан несие рәсімдеп алған
Қостанай облысында алаяқ зейнеткердің атынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысы Қарабалық ауданының полицейлері алаяқтық жолмен ауыл тұрғынына несие рәсімдеген интернет-алаяқты ұстады. Полицияға 65 жастағы ер адам жүгініп, белгісіз біреу оның атынан несие рәсімдегенін айтты. Бұл туралы зейнеткер банктен қоңырау шалмайынша ештеңе білмеген.
Қарабалық тұрғыны банкке келген кезде, өткен жылдың қазан айынан бастап оның несиесі бар екені және қарызы пайда болғаны анықталды. Зейнетақыдан банк белгілі бір соманы есептей бастаған.
Полицейлер жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
46 жастағы ер адам ауыл тұрғындарының құжаттарын пайдаланып, телефон сатып алуға онлайн несие рәсімдеген.
А.Естаулетов қылмысты жедел ашқаны үшін Хамза Бигелдинов пен Азамат Бекеновке алғыс білдірді. Зейнеткерге ақшасы қайтарылды.