Қостанай облысында интернет-алаяқтықты ашу жұмыстары жаңа форматқа көшті
Қостанай облысында интернет-алаяқтықты ашу жұмыстары жаңа форматқа көшті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кибер алаяқтар құқық қорғау органдарының ескертулеріне қарамастан өздерінің жеке деректерін беруді жалғастыратын және өз қаражатынан айырылатын азаматтарды алдаудың жаңа әдістері мен тәсілдерін әр уақытта табады. Интернет-алаяқтармен бірге цифрлық технологиялар саласындағы осы қылмыстардың алдын алу үшін полицейлер де уақытпен қатар жүруде. Ол үшін ІІМ осы жылдың көктемінде «CyberPol» пилоттық жобасын іске қосты. Осыған ұқсас жоба Қостанай облысы ПД-да маусым айының ортасынан бастап жұмысын бастады.
– Департамент базасында ақпараттық жүйелерді пайдаланушыларға қатысты жасалған қылмыстарды ашу және тергеу үшін cyberpol соққы-нысаналы тобы құрылды. Оған барлығы 4 тергеуші мен үш жедел уәкіл, сондай-ақ Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жұмылдырылды. Олардың барлығы тек жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға маманданған6 – деп атап өтті Қостанай облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Олжас Магыпаров.
Жыл басынан бері Қостанай облысының аумағында барлығы 539 интернет-алаяқтық тіркелді. Оның 121-і ашылды. Полиция қызметкерлері тарапынан жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, азаматтар алаяқтардың айла-амалдарына түсуді жалғастыруда. Негізгі әдістер банктердің, күш құрылымдарының жалған қызметкерлерінен қоңыраулар болып қала береді. Сонымен қатар инвестициялық компанияларға қаржы салу туралы ұсыныстармен қоңыраулар келіп түседі. Сондай-ақ азаматтар жарнамалық сайттарда орналастырылған жарнамаларға сенуді жалғастыруда және тауар үшін алдын ала төлемді аударуда. Кейіннен бұл жарнама берушілер байланысқа шықпайды.Мысалы, жақында полицейлер алаяқ жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған қылмыстық схеманы ашты. Ол өз өнімі үшін алдын ала төлем жасауды сұраған. Азаматтар оған сеніп, ойланбастан ақша аударды. Алаяқтың әрекетінен бірнеше адам зардап шекті. Бұл cyberpol қызметкерлері алаяқтарды анықтап, ұстайтын жалғыз жағдай емес. Жақында Лисаковта киберқылмыс жасады деп күдікпен екі күдікті анықталып, ұсталды. Бірінші эпизодта 25 жастағы қыз тауарды сату сылтауымен интернеттегі алаяқтықпен айналысқан. Жәбірленушілер өздеріне қажетті тауарларды таңдап, содан кейін олар Каспий банкі картасына төлем жасаған. Қазіргі уақытта қылмыстың осы түрі бойынша 2 факт бар.
Тағы бір күдікті 23 жастағы жігіт әлеуметтік желілерде Ресей Федерациясында көлік құралдарын есептен шығару қызметтерімен айналысатындығы туралы хабарландыру жариялады. Алдын ала төлем алғаннан кейін ол байланысқа шықпаған. Қазіргі уақытта полицейлер осындай фактілерді анықтау бойынша одан әрі іс-шаралар жүргізіп жатыр. Cyberpol қызметкерлері интернеттегі қылмыстарды ашуда үлкен тәжірибесі бар білікті мамандар. Айта кету керек, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ашылған кибер-қылмыстар саны екі есеге артты.