Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында кинолог пен оның қызметтік иті отандық «Бозторғай» телехикаясына түсті

Қостанай облысында кинолог пен оның қызметтік иті отандық «Бозторғай» телехикаясына түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Хабар» агенттігі тарихы көптеген қазақстандықты жаулап алған Садықовтар отбасы туралы «Бозторғай» сериалының екінші маусымын түсіріп жатыр. Телехикаяның түсірілімі Қостанай облысында өтіп жатыр. Сериалдың бір бөлімінің түсіріліміне полиция қызметкері Роман Логошин және оның қызметтік иті Гектар қатысты. Олар Әулиекөл аудандық полиция бөлімінде қызмет етеді.

– Бізге түсірілім тобының жетекшісі көмек көрсету және кезекті бөлім үшін қызметтік-іздестіру итін ұсыну туралы өтінішпен жүгінді. Бұған дейін түсірілімге үйретілмеген иттерді тартуға тырысқан, бірақ шынайылық үшін дайындалған ит қажет болды, – деді Әулиекөл аудандық полиция бөлімінің бастығы Шәріп Нашкенов.

Сюжет желісі бойынша кейіпкерлер өздерін ойнады. Полиция қызметкері Роман Логошин мен қызметтік ит тапсырманы өте жақсы орындап шықты. Түсірілім қатысушылары кадрда олардың кәсіби маман көрінетіндерін атап өтті.

– Мұндай тәжірибені байқап көру өзіме қызық болды. Бірнеше күн бойы біз түсірілім процесін бақылай алдық. Гектарға келетін болсақ, ол қойылған міндеттерді өте жақсы орындады, – деп бөлісті кинолог-полицей.

Енді Әулиекөл ауданының тұрғындары, басқа да қазақстандықтар секілді «Бозторғай» телехикаясының екінші маусымының шығуын асыға күтіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру