Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері ШҚО-да пробациялық бақылаудан жасырынған сотталғанды тапты

Абай облысының Курчатов қалалық пробация қызметінің қызметкерлері ШҚО-да пробациялық бақылаудан жасырынған сотталғанды іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 тамыздан 17 тамызға дейін ҚР аумағында “Есепке алу элементі” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Пробация қызметінің қызметкерлері Курчатов қаласының полиция бөлімімен бірлесіп, іздеуде жүрген сотталғанның тұрып жатқан жерін анықтады.

Курчатов қалалық пробация қызметінің инспекторы Дарья Юрьевнаның айтуынша, іздестіру іс – шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері іздеуде жүрген адамды таныстарынан да сұрастырады, жедел ақпараттан бастап әлеуметтік желілердегі ақпаратқа дейін зерттеп, мәлімет алудың түрлі құралдарын пайдаланады.

Жедел-профилактикалық іс-шара аясында пробация қызметі мен Курчатов қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері 47 жастағы сотталғанды ұстады. Күдікті 2021 жылдың қараша айында Курчатов қаласының сот үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып ең жоғары қауіпсіздік мекемесіне сотталған. 2022 жылы Өскемен қаласы сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 73-бабына азаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту) сәйкес оған пробациялық бақылау белгіленіп, екі жыл үш ай өтелмеген мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.

Күдікті Курчатов қаласы пробация қызметі есебінде болған уақытында сотталған жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, дәлелсіз себептермен тіркеуге келмеген, сондай-ақ сот үкімі бойынша міндеттерді орындамау фактілері де болған. Ал 2023 жылдың шілдесінде сотталған пробациялық бақылаудан жасырынған. Пробация қызметкерлері бірден іздестіру шараларын жүргізе бастады, бірақ олар нәтиже бермеді. Кейіннен тамыз айында сотталғанға іздестіру жарияланды. “Есепке алу элементі” ЖПІШ өткізу кезеңінде пробация қызметіне сотталғанның болжаммен тұрып жатқан жері туралы ақпарат келіп түскен. Курчатов қаласы полиция бөлімінің қызметкерлері 12 тамызда күдіктіні ШҚО Шемонаиха қаласынан туысының үйінен ұсталды. Сотталғанның туысы бұрын бас бостандығынан айыру орындарында бірге жазасын өтегені белгілі болды.

 – Қазіргі уақытта сотталған Курчатов қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда сот шешіміне дейін болады. Енді ол өзінің қалған мерзімін 1 жыл 5 ай колонияда өтейтін болады – деді Курчатов қалалық пробация қызметінің инспекторы Александрович Дарья Юрьевна.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру