Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда тұрғынның үйінен 10 түп қарасора табылды

Рудныйда тұрғынның үйінен 10 түп қарасора табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный полицейлерімен бірлесіп, «Рефлекс-2022» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында 36 жасар ер адамды қарасораны заңсыз өсірді деген күдікпен ұстады.

Рудный қаласының тұрғынының үйінде полицейлер 10 қарасора бұтасы бар құмыраларды тапты. Тыйым салынған өсімдікті өсіру үшін ер адам бөлмені жылу-жарық шағылыстыратын материалмен және шамдармен арнайы жабдықтаған.

Сонымен қатар, күдіктінің гаражында жедел уәкілдер бір ауызды аңшылық мылтықтың кесіндісін және марихуана салынған қағаз орамдарын тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабы бойынша (Құрамында есірткі заттары бар тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру