Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқ ұсталды

ШҚО-да жүргізуші куәлігін жасауға уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ-ның “102” жедел арнасына алаяқтың қармағына түсіп қалған 33 жастағы ер адам жүгінген. Жәбірленуші осы жылдың шілде айының басында оның танысы жүргізуші куәлігін тез ресімдей алатынына сендіріп, қызметі үшін 320 мың теңге көлемінде ақша сұрағанын айтқан.

Алайда бірнеше айдан кейін жәбірленуші уәде етілген құжаттарды алмаған және полициядан көмек сұраған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Өз әрекетін мойындады. Оған қатысты келуге міндеттеу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру