Қостанай облысында полицейлерге тренинг залы ашылды
Қостанай облысының Полиция департаментінде психологиялық тренингтер өткізу үшін арнайы кабинет ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев аталған орталықтың тиімділігін бағалады.
Полиция полковнигінің айтуынша, тренинг кабинеті барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған және заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Кабинеттегі атмосфера және ондағы жиһаздар келушілерге психологиялық қолдау көрсетеді.
– Біздің психологтар әр қызметкермен жеке жұмыс істейді, олардың күнделікті мәселелерін шешуге көмектеседі. Бүгінгі таңда психологиялық дайындық – кадр саясатын жетілдіру мәселесіндегі басым міндеттердің бірі, – дейді облыстық ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев.
Кәсіби мамандардың айтуынша, психологиялық тренингтер полиция қызметкерлерінің азаматтармен, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл процесінде қажетті дағдыларды ойын түрінде үйретуге және меңгеруге, сондай-ақ ұжым ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.
– Мұнда полиция қызметкерлері арасында коммуникативтік дағдыларды дамыту, қызметкерлерді стандартты емес және төтенше жағдайларға дайындау үшін топтық психокоррекциялық іс-шаралар өткізіледі. Полиция департаменті басшылығының көрегенділік және қызметкерлерді даярлаудағы перспективалық көзқарастарының арқасында бізде, психологтарда өз жұмысын одан да сапалы жүргізуге мүмкіндік бар, – деп атап өтті аға инспектор-психолог Динара Қыстыбаева.
Тренингке бірінші болып Полиция департаменті ғимаратын күзету жөніндегі взвод қызметкерлері қатысты. Олар ұйымшылдық танытып, командалық жұмыста жақсы көрскеткішке қол жеткізді.Қатысушылардың айтуынша, курс барысында олар көп нәрсені үйренді.
– Маған тапсырма ұнады, онда өз тобыма берілген сөзді синоним сөздермен түсіндіру керек болды. Мұндай жаттығулар адамның сөздік қорын толықтыруға көмектеседі, – дейді полиция аға сержанты Асқар Куйшин.