Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ауылдастарының малын ұрлаған күдікті қолға түсті

Кербұлақ ауылының 23 жастағы тұрғыны мал ұрлығын жасады деген күдікпен қамаққа алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның төрт мәрте мал ұрлығын жасап, аудан орталығына әкеп сатқаны дәлелденді.
Тамыз айының аяғында Сарыбастау ауылының тұрғындары жайылымнан бір-екіден ұсақ малдарының қолды болғаны туралы полицияға арызданған. Қылмыстарды ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында күдікке ілінген 23 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды.

– Күдіктінің төрт мәрте мал ұрлығын жасағаны дәлелденді. Ол ауыл тұрғындарының малын жайылымнан ұрлап, аудан орталығына әкеп сатқаны анықталды. Қазіргі уақытта алты бас қой-ешкі сатып алушылардан аман-есен тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Күдіктінің бұдан өзге де мал ұрлықтарына қатысы бары тексерілуде, – деп атап өтті Кербұлақ ауданы Полиция бөлімінің бастығы Ербол Ахметқалиев.

Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталғанға дейін күдікті аудандық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру