Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады

Қостанай облысында полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру міндеті ішкі істер органдарының қызметіндегі басым бағыттардың бірі.

Бүгінгі таңда облыс жолдарында 256 мыңнан астам автокөлік (256448) пайдаланылуда, салыстырмалы түрде 2023 жылы облыс автопаркінің саны 232 мың (232616) болды. Жолдарда тәртіпті сақтау мақсатында жыл басынан бері полиция 35 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесті.

308 мас жүргізуші ұсталды. Құқық белгілейтін құжаттары жоқ немесе басқару құқығы жоқ 2088 жүргізуші анықталды. Қарсы жолаққа шығудың 40 дерегі, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін бұзудың 386 фактісі және жаяу жүргіншілер жасаған жол қозғалысы ережелерін бұзудың 3 мың 200 дерегі анықталды.

Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін 780-нен астам бұзушылық және маневр жасау ережелерін бұзған 1150-ге жуық жүргізуші анықталды. Рейдтер барысында 41 заңсыз тасымалдаушы анықталды.

Жыл басынан бері апаттылықты азайту үшін полицейлер 3 жедел алдын алу шарасын («Қауіпсіз жол», «Автобус», «Тасымалдаушы»), 1 акция («Сіздің жолаушыңыз-бала») және заңсыз тасымалдаушылар бойынша 5 рейд өткізді.

Апаттылықты талдау көрсеткендей, жалпы алғанда, қабылданған профилактикалық шаралар кешенінің арқасында осы жылдың басынан бастап жол-көлік оқиғасы 25,9%-ға, 89-дан 66-ға дейін төмендеді.

Сондай-ақ, қаза тапқандар саны (20-дан 12-ге дейін) және ЖКО-да жараланғандардың саны (123-тен 90-ға дейін) 40%-ға азайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру