Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді жалғастырып жатыр

Елордада полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандарды тексеруді жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуде бақылауды жүзеге асырады. ТТО объектілерді тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығаюын, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі персоналдың білімі мен дағдыларын тексереді.

Осы жылы ТТО объектілерден 70 нысан тексеріліп, кемшіліктерді жою үшін 35 ұйғарым енгізілді. Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша Астана қаласының мамандандырылған ауданааралық әкімшілік сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 16 объектіге қатысты материалдар жіберілді, осы уақытта сот 9 объектіні қарастырып, айыппұл салды.

Полиция объектілердің басшыларына 1999 жылғы 13 шілдедегі “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңның 10-3-бабына сәйкес ТТО объектілердің терроризмге қарсы қорғалуына қойылатын талаптармен танысуға кеңес береді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына заңдық сауаттылықты арттыру бойынша тұрақты жұмыс істеуді ұсынады, адамдардың қауіпсіздігі мәселелерін елемеу әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіштен айыппұл салуға әкеп соғады.

“Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” Заңның талаптарына сәйкес террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтау мақсатында террористік тұрғыдан осал объектілердің басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары мынадай іс-шаралардың іске асырылуы, атап айтқанда объектінің терроризмге қарсы қауіпсіздігінің паспорттарын әзірлеу, терроризмге қарсы іс-шаралар терроризмге қарсы қорғау үшін қызметкерлерді оқыту керек. Сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау, бейне ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулік болатын сапалы телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру, жекелеген жағдайларда қол жеткізуді басқару жүйесін, күзет дабылы жүйесін, сондай-ақ құлақтандыру жүйесін белгілеу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру