Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада полицияның мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды

Астанада полицияның мас жүргізушіні қуған сәті видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мас жүргізуші – қылмыскер!” жергілікті-рейдтік іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері Алаш тас жолында LADA Priora автокөлігін тоқтатуға тырысты. Автопатруль экипажының бірнеше рет тоқтау туралы талаптарына қарамастан, жүргізуші жылдамдықты арттырып, полиция қызметкерлерінен жасырына бастаған.

Қуғын-сүргін кезінде жүргізуші жол ережесін бұзған. Бірінші жолақтан екіншісіне қатар ауыстыру кезінде ол бұрылу сигналын қоспаған және бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен. Полицияның дыбыстық сигналдарына жауап бермей, жүргізуші жоғары жылдамдықпен жүруді жалғастырған. Жүргізушіні қуып келе жатып, патрульдік полицейлер көліктің қозғалысын бөгеп, жанармай құю станциясының жанында заң бұзушыны тоқтатты.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша 25 жастағы жүргізуші “орташа” дәрежедегі алкогольдік мас күйде болған. Осылайша, жүргізуші өз әрекеттерімен әкімшілік кодекстің нормаларын бірнеше рет бұзды. Бұл – мас күйінде көлікті басқару, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту және жол қозғалысы ережелерінің қатар ауыстыру кезінде сигнал беру туралы талаптарын орындамау.

Әкімшілік соттың шешімімен жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Бұзушының көлігі коммуналдық тұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру